Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция буыны қызметтерінің басшы лауазымдарына кандидаттарды қарастырып, бірқатар тағайындау жасады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Министрлікте полиция қызметтерінің басшы лауазымдарына үміткерлердің кандидатурасы қаралды. Бұл – Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі қызмет басшылары кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады", - делінген ІІМ хабарламасында.

Министр үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгімелесу барысында оларға қойылатын талаптар мен ведомство қызметтері мен оның бөлімшелері басшыларының міндеттерін пысықтап өтті.

Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен:

  • ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев;
  • ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;
  • ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев;
  • ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов;
  • Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971238-iski-ister-ministrliginde-birqatar-tagaiyndau-boldy/

pixel