jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

eGov арқылы шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтатылды

жұмыс істеп отырған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде электрондық үкімет порталы арқылы шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Порталдың мәліметінше, бұл қызмет 2022 жылдың 1 қазанында жанданады.

Айта кетейік, биылғы жылы яғни, 24 ақпан мен 17 мамыр аралығында 35 мыңнан аса Ресей және Украина азаматының қазақстандық ЖСН-ді алғаны белгілі болған еді.

Жалпы, ресейліктің көбіне ЖСН банктен шот ашу үшін керек. Себебі, Visa және Mastercard Ресей банктерімен жұмысын тоқтатқан болатын.

Одан бөлек қазақстандық банктер де ресейліктерге карта беру тәртібін қатаңдатқан еді.

eGov арқылы шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.