Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда баннер құлап, әйел мен жасөспірім зардап шекті (фото)

Опубликовано:

Елордада болған жағдай
Оқиға орнынан фото: t.me/qumash_kz

Елордада қатты желдің салдарынан баннер құлап, салдарынан әйел мен жасөспірім жарақат алды. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 26 мамырда болған.

Сол күні ведомствоға 20:05-те 103 қызметінен қатты желдің салдарынан 1988 жылғы әйелге жарнамалық баннердің құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға Тәуелсіздік даңғылында орналасқан "Бейбітшілік және келісім" сарайының жанында болған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына үш минутта жеткен.

"Зардап шеккендер (1 ересек адам, 1 жасөспірім) түрлі жарақаттармен толық тексеруден өту үшін көпбейінді қалалық стационарға жеткізілді. Оларға мамандар барлық қажетті медициналық көмекті көрсетті", - дейді ведомстводан.

Мекеме қазіргі уақытта зардап шеккен әйелдің жағдайы бірқалыпты екенін, ол толық жазылып шыққанға дейін ауруханада стационарлық ем қабылдайтынын атап өтті.

Зардап шеккен жасөспірімді де дәрігерлер қарап шыққан. Осыдан кейін ол амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде де жарияланды.

Куәгердің айтуынша, конструкция шамамен 10-15 метрге ұшып кеткен.

"Сонымен қатар оның айтуынша, алып конструкция еш жерге бекітілмеген және тек өзінің салмағымен ғана ұсталып тұрған", - делінген жазбада.

Бұдан бөлек жазба авторлары зардап шеккен әйелге түнде ота жасалғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971329-nur-sultanda-banner-qulap-aiel-men-zasospirim-zardap-sekti-foto/

pixel