Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде өзеннен әйел адамның денесі табылды

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: pxhere.com

Өскемендегі Ертіс өзенінен әйел адамның мәйіті табылды. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 12 мамыр күні Өскемен қаласының ПБ Үлбі полиция бөлімінің "102" желісіне Ертіс өзенінен "Восточник-3" бау-бақша серіктестігі ауданында адам денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті

"Аталған факті белгіленген тәртіппен тіркелді. Өлім себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Ведомство өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтынын да атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте өртенген ғимараттан белгісіз адамның денесі табылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971341-oskemende-ozennen-aiel-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel