Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда қызғаныштың арты жаппай төбелеске ұласты

Опубликовано:

Төбелес
Фото: instagram.com/dp_pavlodar

26 мамыр күні сағат 4:00 шамасында Павлодар қаласы Торайғыров көшесінің бойындағы көңіл көтеретін орындардың бірінің жанында жаппай төбелес болды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті өз Instagram парақшасында жазды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына көлік патрулі келіп жетті. Тәртіп сақшылары төбелес қатысушыларын ажыратып, оқиғаның неден басталғанын анықтады.

Осылайша, жанжалдың негізгі шығуына қызғаныш себеп екені белгілі болды.

"Қыздардың бірі клубқа жігітпен келген. Бірақ мұнда бұрынғы сүйіктісі бар екенін ескермеген. Жігіттер бір-бірімен текетіресіп, артынша оларға достары көмектесе бастаған. Абырой болғанда, жаппай төбелестен ешкім зардап шеккен жоқ", - деді Павлодар ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Төбелеске қатысқандар анықталып, полицияға жеткізілді. Әрқайсы ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке (ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары) тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971352-pavlodarda-qyzganystyn-arty-zappai-tobeleske-ulasty/

pixel