Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, найзағай, 33 градус ыстық: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, яғни найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауып, дауыл тұрады, бұршақ жауады деп күтіледі.

Сондай-ақ түнгі уақытта еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде 2 градус аяз болуы мүмкін.

Метеорологтардың болжамынша, Қазақстанның батысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Жалпы, республика бойынша жел күшюі ықтимал.

Сонымен қатар жаңа апта басында еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды деп күтіледі. Атап айтқанда:

  • батыста, солтүстік-батыста 25-30 градусқа дейін,
  • оңтүстікте 33 градусқа дейін;
  • солтүстікте 23-28 градусқа дейін;
  • орталықта 25-30 градусқа дейін ыстық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971355-zanbyr-naizagai-33-gradus-ystyq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel