Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көшеде әйелін ұрып-соққан ер адамның видеосы пайда болды

Опубликовано:

Көшеде әйелін ұрған ер адам
Видеодан кадр: instagram.com/shymkent.online

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде ер адамның әйелді ұрған видеосы тарады. Келіншекке куәгерлер араша түспек болған. Осыған қатысты Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода екі ер адамның әңгімелесіп тұрғаны, оның бірі екіншісін сабырға шақырып жатқаны көрсетіледі.

Алайда жас жігіт қызыл көйлек киген қыздың артынан барып, оны соққыға жыға бастаған. Мұның бәрі кішкентай баланың көз алдында болған.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Шымкент полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамыр күні Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына "102" нөмірі арқылы ер азаматтың көшеде әйелді ұрып жатқаны туралы ақпарат түскен. Осыдан кейін учаскелік полиция инспекторы шақырту орнына шұғыл жеткен.

"Тексеру барысында отбасылық жағдайға байланысты ерлі-зайыптының ұрсысып, күйеуі әйелін ұрғаны анықталды. Алайда азаматша күйеуіне қатысты қояр ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтты", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Осы ретте ведомство тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыс жүргізіп, азаматшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күйеуіне "қорғау нұсқамасы" берілгенін атап өтті. Егер мұндай жағдай қайталанса, ер адам әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971393-symkentte-kosede-aielin-uryp-soqqan-er-adamnyn-videosy-paida-boldy/

pixel