Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мектеп маңында тоғызыншы сынып оқушысы көз жұмды

Опубликовано:

оқушы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында 17 жастағы оқушы өз мектебінің қасында жол апатына түсіп көз жұмды. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайын Алматы облысы білім басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 27 мамырда Талғар ауданы Еламан ауылында болған. 17 жастағы мектеп оқушысы мопедпен жол апатына ұшыраған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, кәмелетке толмаған бала емтиханға асыққан.

Алматы облысының білім басқармасы жасөспірім мектепке емтихан тапсыруға бара жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бөлім оның 9-сыныпта оқығанын, емтихан тек ертең, 28 мамырда өткізілетінін айтты.

"Жол-көлік оқиғасы шамамен сағат 11.45-те болған. Оқушы әкесінің мопедін басқарып, құлап, бордюрға түсіп кеткені белгілі болды. Ауылдық медпункт фельдшері мен мектеп медбикесі көмек көрсетуге тырысты, бірақ кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.

Марқұмның 9-сынып оқушысы болғанын және мектепте 09.00-ден 10.30-ға дейін қосымша сабақтарда отырғанын нақтылау қажет. 9-сыныпқа арналған емтихан 28 мамырға жоспарланған. Бұған дейін мектепте жиналыс өткізіліп, онда оқушылардың ата -аналарына жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алу туралы ескертілді",-деп хабарлады Алматы облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Жанар Юсупова.

Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол-қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық тергеу басталғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971404-almaty-oblysynda-mektep-manynda-togyzynsy-synyp-oqusysy-koz-zumdy/

pixel