Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қант тапшылығы жоқ": Министрлік мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылық министрлігі елімізде қант тапшылығы жоқ екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, республикада қант қоры шамамен 67 мың тоннаны құрайды және қант өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатыр.

"Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна құрғақ қант шикізаты бар. Жолда қосымша 16 мың тонна қант шикізаты бар", - делінген хабарламада.

Ішкі нарыққа қант жеткізуді "Азық-түлік корпорациясы" жүзеге асырмақ.

Сонымен қатар бағаларды тұрақтандыру үшін зауыттар өңірлердің тұрақтандыру қорларына, сауда желілеріне және жеткізушілерге тиеуді, құрамында қант бар өнімдерді өндірушілерге олардың өтінімдеріне сәйкес жеткізуді жүзеге асыратыны белгілі болды.

Мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам жүк тиелген. Ал жаздың алғашқы айында 44,8 мың тонна қант жөнелту жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімді өңірлерге жедел жеткізу үшін мүдделі тараптармен бірлесіп, Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен жүктерді (ақ қант, құрақ қант шикізаты) кедергісіз өткізу мәселесін пысықтап жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971421-qant-tapsylygy-zoq-ministrlik-malimdeme-zasady/

pixel