Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда салынған үйдің сапасына наразы халық әкімдікті сотқа берді

Жарияланған күні:

Үй
Фото: 24.kz

10 жыл бұрын жермен-жексен болған «Бесобаның» орнына салынған 9 қабатты үйдің сапасына тұрғындардың көңілі толмайды. Жұрт үй қаптамасы желмен ұшып жатқанын айтады, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Үй қаптамасының салмағы 7-8 келіге жуықтайды. Адамның үстіне құласа аман қалуы екіталай. Қазір баспанада 160 отбасы тұрады. Алты жыл бұрын тапсырылған үйдің есік-терезесі аңғал-саңғал, қабырғасы қақырапты. Тұрғындардың сөзінше, үй арзан құрылыс материалдарымен салынған.

Оған қоса халық лифт жүрмейтінін айтып, тоқ сымдардың ашық жатқанына шағымдануда. Келісім-шарт бойынша балкон шынымен қапталу керек еді, бірақ ол жұмыс та орындалмаған. Құрылыс басталғалы үш мердігер ауысқан. Соңғы компанияға жұмысты аяқтау үшін қазынадан 367 млн теңге бөлінген. Бірақ нәтижесі осы. Сапасыз құрылыс қалай қабылданып кеткенін жауапты мамандардың өзі айта алмай отыр. Ең сорақасы, қазір үйдің кепілдік мерзімі аяқталған. Бірақ құрылыс бөлімі мердігерді сотқа бермек.

"Мына үйді қай әкім, қай құрылыс бөлімінің маманы қабылдады. Біріншіден, ыстық су өткізілмеген, ХХІ ғасыр. Пожарный гидрант жоқ. Бүкіл полдардағы салған плиталар ұшып жатыр. Қабырғалардың барлығында мынадай үлкен-үлкен жарықтар тұр. Арғы көше жақтың барлық балкондары қапталу керек екен, ешқайсы қапталмаған", - деді Светлана Сәрсембаева.

"Төрт құрылыс алаңын, осы үйді қабылдап алған, қол қойған. Әлі сот жұмыстарын жүргіземіз бұл мердігер компаниямен. Мердігер компанияға ескерту жібереміз, одан кейін хабарласамыз", - деді қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Әбжанов,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971438-qaragandyda-salyngan-uidin-sapasyna-narazy-xalyq-akimdikti-sotqa-berdi/