Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 жылдық қызметімде мұндай жағдай алғаш рет": Оралда жолсеріктер толғағы қысқан келіншекті босандырып алды

Опубликовано:

жаңа туған сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

"Астрахань-Атырау" бағытында қатынайтын №626 жолаушылар пойызының қызметкерлері толғағы қысқан жолаушыны босандырып алды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"ҚТЖ-ның" мәліметінше, аяғы ауыр Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан.

Таңғы сағат 5-те оның толғағы басталған. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері дереу қажетті шаралар қабылдаған. Алдымен, олар нұсқаулыққа сәйкес машинистке хабарлап, жедел жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртқан.

Алайда жедел жәрдем қызметі келгенге дейін толғағы қысқан келіншекті жолсеріктердің өздеріне босандырып алуға тура келген.

Осылайша, Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова бастаған пойыз қызметкерлерінің арқасында сағат 05:30-да қыз бала аман-есен дүниеге келген.

Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеп жүрген 15 жылдың ішінде мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп отыр.

"Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз", - дейді ол.

Атырау станциясына келгеннен кейін жолсеріктер жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстаған.

Өз кезегінде Кенжегүл Қайырболатова өзіне көмек көрсеткен жанның барлығына алғысын айтты.

"Мен бірінші кезекте бала үшін аландадым. Пойыздың барлық қызметкеріне осындай төтенше жағдайда маған көмектескендері үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Енді қызым өскенде айтатын боламын", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971521-15-zyldyq-qyzmetimde-mundai-zagdai-algas-ret-oralda-zolserikter-tolgagy-qysqan-kelinsekti-bosandyryp-aldy/

pixel