Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды

Опубликовано:

Қазақстан әскері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы, полковник Қайыржан Бимолдин онлайн брифинг кезінде әскери қызметшілердің зейнетке шығу жасына қатысты өзгерістер туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бимолдиннің айтуынша, басты өзгерістің бірі – әскери қызметшілер мемлекеттік бюджет есебінен зейнетақы тағайындау жүйесіне көшкен. Бұрын зейнетақы төлеу жинақтау жүйесі есебінен жүзеге асырылған.

"Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, әскери қызметшінің зейнетке шығу жасы 5 жылға дейін ұлғаяды", - деді Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы.

Спикер сонымен қатар әскери қызметшілердің зейнетақысы қалай есептелетінін түсіндіріп берді.

"Зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Мәселен, егер әскери қызметшінің еңбек өтілі 25 жыл болса, оған 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Бұл ең төменгі сома. Ең жоғарғы мөлшері – 65 пайыз. Бұл қызмет еткен жылына байланысты.

Яғни, 25 жылдан артық қызмет еткен әр жыл үшін зейнетақыға тағы 2 пайыз қосылып отырады. Егер әскери қызметші 30 жыл қызмет етсе, оған 60 пайыз зейнетақы тағайындалады", – деді Бимолдин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971626-qazaqstanda-askeri-qyzmetsilerdin-zeinetke-sygu-zasy-ulgayady/

pixel