Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлыбек Асылбеков
Нұрлыбек Асылбеков. Фото: instagram.com/akimat_shymkent

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдік Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Нұрлыбек Асылбеков еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы "Фармация" АҚ-да провизор технолог әрі бас маман болып бастаған.

2000-2002 жылдары ОҚО әкімінің аппаратында бас маман;

2002-2006 жылдары ҚРДСМ ОҚО бойынша фармацефтикалық бақылау комитетінің басшысы;

2006-2007 жылдары ҚРДСМ Алматы облысы бойынша фармацефтикалық бақылау комитетінің басшысы, 2007-2009 жылдары ДСМ бас сарапшысы;

2009-2012 жылдары Алматы облысы бойынша фармевтикалық және медициналық бақылау департаментінің басшысы;

2012-2015 жылдары премьер-министр кеңсесінде бас инспектор, 2015-2017 жылдары Астана қалсындағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басшысы болған.

Кейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Жаңа қызметіне дейін Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971698-symkent-qalasy-densaulyq-saqtau-basqarmasyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel