Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда діни ағым өкілінен тапанша мен тыйым салынған кітаптар тәркіленді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша, тыйым салынған кітаптар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде діни ағым өкілін ұстаған.

"Теріс ағым жетегіндегі 29 жастағы жігіттің тұрғылықты мекен-жайы тексеру жүргізілді. Оның мекен-жайына тінту жүргізу кезінде 9 мм ”МР-79” калибрлі травматикалық тапанша мен 14 дана патрон, Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тиым салынған мағлұматтары бар 5 дана флеш-карта мен 17 дана діни кітап тәркіленді", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдікті ретінде ұсталған деструктивті діни ағым өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Атырау қалалық полиция басқармасының №2 полиция бөлімімен күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971710-atyrauda-dini-agym-okilinen-tapansa-men-tyiym-salyngan-kitaptar-tarkilendi/

pixel