Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен ата-аналар қандай жазаға тартылады

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин балаларын үйде жалғыз қалдырып кеткен ата-аналар қандай жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұманалинның айтуынша, баланы қауіпте қалдырып кеткені үшін Қылмыстық кодекстің 19-бабы бойынша жаза қарастырылған.

"Өмірі мен денсаулық жағдайына қауіп төнген адамды көмексіз қасақана тастап кету жауапкершілікке тартудың негізгі алғышарты екенін атап өткім келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, кінәлі жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті сезіну керек", - дейді әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары.

Оның сөзінше, жаза жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты болмақ.

"Қылмыстық кодексте айыппұл төлеу, түзеу жұмыстары секілді жаза түрлері бар. Ал ауыр дене жарақатын келтірген жағдайда бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді Жасұлан Жұманалин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971751-balasyn-uide-zalgyz-qaldyryp-ketken-ata-analar-qandai-zazaga-tartylady/

pixel