Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Қазақстанда әйелдер саны азайып жатқанын хабарлады

Опубликовано:

Қыздар
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда жыл сайын халық саны өскеніне қарамастан, әйелдер үлесі ерлермен салыстырғанда азайып келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өткен жылы Қазақстан халқының саны 1,3 пайызға өсіп, 2022 жылдың басында 19,12 млн адамды құрады. Мұндай мәліметтерді Ranking.kz сайты келтіріп отыр. Оның ішінде 9,84 млн адам – әйел, ал 9,29 миллионы – ер азамат.

"Жыл басында халықтың жалпы санындағы әйелдердің үлесі 51,44 пайызды құрады. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 51,48 пайыз, бес жыл бұрын – 51,62 пайыз, он жыл бұрын – 51,77 пайыз болған", – деп атап өтті сарапшылар.

Сондай-ақ 2022 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша халық саны 19,18 млн адамға жеткен, оның 9,31 миллионы ер адам, қалған 9,86 миллионы қыз-келіншектер. Осылайша, әйелдер үлесі кезекті рет 51,43 пайызға дейін қысқарған.

Жалпы алғанда, елімізде ерлерге қарағанда әйелдердің үлесі біршама басым, дегенмен жыл сайын нәзік жандылар саны азаюда және бұл тұрақты динамика болып отыр.

"Соңғы 5 жылда әйелдер санының орташа жылдық өсуі 1,2 пайызды құрады, ал ерлер санының өсуі 1,4 пайыз", - деп хабарлады мамандар.

"Іс жүзінде, Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер көп, себебі әйелдер ұзақ өмір сүреді. Бір қызығы, әйелдер "тапшылығы" өз кезегінде ерлердің өмір сүру ұзақтығына әсер етуі мүмкін.

Өйткені Падуа университеті ғалымдарының зерттеуі үйленбеген ер адамдар мен жұбайы қайтыс болған азаматтардың үйленген еркектерге қарағанда қарттықтан әлсіздікке бейім болатынын және денсаулығын тез жоғалтатынын көрсетті.

Ал тұрмыстағы әйелдерге қарағанда жесір келіншектердің денсаулығы жақсы болады, көбінесе олардың денсаулығы серіктесі қайтыс болғаннан кейін жақсарады",- дейді сарапшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971851-sarapsylar-qazaqstanda-aielder-sany-azaiyp-zatqanyn-xabarlady/

pixel