Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасөспірімдер алғашқы жеке куәлігін қалай ала алады

Опубликовано:

Азаматтарға арналған үкімет
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

ҚР Заңы бойынша қазақстандықтар 16-ты жасқа толғанда өзінің алғашқы жеке куәлігін алуы тиіс. Оны қалай дұрыс рәсімдеу керектігін ХҚО өкілдері айтып берді.

Жеке куәлікті ресімдеу үшін ата-анасының бірі мен жасөспірімнің өзі ХҚО-ға жүгінеді. Өзімен бірге үш құжат болуы қажет: жасөспірімнің туу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің жеке куәлігі, 0,2 АЕК (636 теңге) құрайтын мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. Болған жағдайда паспортты да қосымша ұсыну керек.

Құжатты ресімдеу кезінде баланың өзі болуы міндетті. Сонымен қатар, ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуына нотариалды куәландырылған өтініш-келісімін қоса ұсынуы қажет.

Куәліктің жарамдылық мерзімі 10 жыл. Жеке куәлікті уақытылы алмаған жағдайда 7 АЕК (22 260 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ, мемлекеттік баж төлеуден ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар, Кеңес Одағы мен Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерінің иегерлері, "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратындар балалар, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар босатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971859-zasospirimder-algasqy-zeke-kualigin-qalai-ala-alady/