Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде тырысқақ ауруының өршіп, судың ластанғаны рас па: ДСМ мәлімдеме жасады

Опубликовано:

ауруханада
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желілерде Ресейде тырысқақ ауруының өршігені және судың ластанғаны туралы ақпарат тарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған мәліметті жоққа шығарды.

Бұл туралы СЭБК ресми өкілі Ержан Байтанаев өз Facebook парақшасында жазды.

"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған Ресейде тырысқақ ауруының өршуі және судың ластанғаны туралы ақпараттың шындыққа жатпайтынын хабарлайды.

2022 жылы Қазақстан Республикасында тырысқақ бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. Соңғы 10 жыл ішінде тырысқақтың жергілікті жағдайлары тіркелген жоқ", - деді ол.

Байтанаевтың сөзінше, ел аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және елге тырысқақтың әкелінуінің және одан әрі таралуының алдын алу мақсатында СЭБК мен оның аумақтық бөлімшелері тұрақты эпидемиологиялық бақылау жүргізеді.

Осы ретте Байтанаев тырысқақтың алдын алудың негізгі шараларын атады:

  • ішуге тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану. Қайнамаған судан дайындалған мұзды пайдаланбау;
  • тек белгілі және таныс қоғамдық тамақтану орындарына бару;
  • жемістерді, көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен жақсылап жуу;
  • тамақтану алдында қолды сабындап жуу, қол антисептігін (санитайзер) пайдалану;
  • тек бассейндерде немесе арнайы су қоймаларында шомылу;
  • сапарға шыққанда немесе сапардан келгеннен кейін денсаулық нашарлаған жағдайда міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971884-reseide-tyrysqaq-auruynyn-orsip-sudyn-lastangany-ras-pa-dsm-malimdeme-zasady/

pixel