Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Велосипед
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 2-4 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстікте күн салқындауы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда аталған өңірлере топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Ал оңтүстік аймақтарда 4 маусымға дейін суық антициклон жақындайды, дегенмен аяз болмайды деп болжануда. Алайда сынап бағанасы күндіз 18-23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Метеорологтардың дерегінше, айдың басында еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде күндіз +25+33°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°С ыстық болады деп күтілуде.

Батысты қоспағанда, Қазақстанның көптеген облысында өткінші жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ және қатты жел соғуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971967-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel