Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды (фото)

Опубликовано:

Президент әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
Фото: Ақорда

Алматыға жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнын әл-Фараби мұражайын аралап көруден бастаған. Мемлекет басшысына ұлы ойшылдың өмірі мен қызметіне арналған экспонаттар, сондай-ақ сирек қолжазба кітаптары таныстырылған.

Перзидент ҚазҰУ-да
Фото: Ақорда

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің ғылыми жетістіктері мен инновациялық әзірлемелерінің көрмесі көрсетілген.

Ғалымдар мен студенттер мемлекет басшысына нейроғылым, денсаулық сақтау, туризм, агрохимия, құрылыс технологиясы, жасанды интеллект және биотехнология салаларындағы өздерінің ғылыми-инновациялық жобаларының мүмкіндіктері туралы айтқан.

Президент әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
Фото: Ақорда

Сонымен қатар президентке университеттің инфрақұрылымын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілген. Одан бөлек жоспарланған құрылыс нысандарының жобасы және жаңғыртылған оқу корпустары, жатақханалар мен қызметтік тұрғын үй таныстырылған.

Университетті аралап көру барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресейлік "МИФИ" ұлттық ядролық зерттеу университетінің презентациясы да көрсетілген.

"МИФИ" ректоры Владимир Шевченко президентке жоғары оқу орнының ғылыми жұмыстары мен білім беру ісін таныстырған. Сондай-ақ жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ядролық энергетика, фармацевтика, медицина және экономика саласы бойынша мамандар даярлайтын "МИФИ" филиалын ашу жөніндегі келісімге қол қойылған.

Президент әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
Фото: Ақорда

Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен және студенттермен, соның ішінде шетелдіктермен әңгімелесті.

Президент әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
Фото: Ақорда

Студенттер жастарға ерекше көңіл бөлетіні үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі ауқымды реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972025-toqaev-al-farabi-atyndagy-qazaq-ulttyq-universitetine-bardy-foto/

pixel