Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасым, Жомарт, Кемел": Ақтөбеде 35 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді

Опубликовано:

Үшем
Фото: NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

Ақтөбеде Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем өмірге келді. Бүгінгі таңда ерекше есім алған сәбилер мен анасының жағдайы жақсы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік ана үшемді ЭКҰ-ның (экстракорпоралды ұрықтандыру - ред.) көмегімен өмірге әкелген. Балалардың туғандағы салмағы 2600, 2100 бен 1090 грамм болған.

"Енем көзі тірісінде "ұлды болсаңдар есімін Кемел деп қойыңдар" деген еді. УДЗ-ден үшем дегенде үлкенін Кемел деп қоямыз деп жүрдік. Егіз ер бала дегесін Қасым, Жомарт деп президенттің атын қоятын болдық. Қуанышымыз еселеніп жатыр", - дейді балалардың анасы Қарлығаш Жармағамбетова.

Анасы мен сәбилер әзірге перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болады.

"35 жастағы әйелге жоспар бойынша "Аңсаған сәби" бағдарламасымен ЭКҰ жасалды. Соңғы екі жылда облысымызда үшемдер дүниеге келген жоқ. Сирек кездесетін жағдай. Қарлығаш Жармағамбетова көп жерде ем алып, соңында бізге келген еді. ЭКҰ-дан кейін осындай нәтиже болды. Жоспар бойынша кесарь тілігі арқылы босандырдық. Ана да, балалар да бақылауда", - дейді облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Светлана Есенаманова.

Айта кетейік, отбасының үшемнен бөлек, 13 жастағы қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972054-qasym-zomart-kemel-aqtobede-35-zastagy-ana-usemdi-duniege-akeldi/

pixel