Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұдырықпен басы мен бетінен ұрған": Алматы облысының тұрғыны 17 жастағы қызының соққыға жығылғанын айтты

Опубликовано:

Бойжеткен
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында 17 жастағы бойжеткен мен жігіттің арасындағы кикілжіңге қатысты дау туындады. Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы жайтқа өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Анықталғандай, 29 мамыр күні Есікте 17 жастағы қыз соққыға жығылған. Ол ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен.

"Қызыма өз танысы қорлық көрсеткен. Олар көлікте кетіп бара жатқан. Кішігірім кикілжің барысында ол өз-өзін ұстай алмай, қызымды ұра бастаған. Жұдырықпен басынан, бетінен ұрып, аяғы мен қолынан тепкен. Менің қызым ештеңе түсінбестен, есікті ашып, жүріп бара жатқан көліктен құлап түскен",- деді анасы.

Келіншектің сөзінше, ресми арызға қарамастан, тәртіп сақшылары қандай да бір шара қабылдауға асығар емес. Қазір бойжеткен Алматы медициналық мекемесінде жатыр. Өңір тұрғыны қыздың қатты соққы алғанын, денесі көгергенін атап өтті. Ал дәрігерлер оның бас сүйегі сынғанын анықтаған.

Алматы облыстық полиция департаменті қыз дене жарақаттары танысымен болған кикілжің үстінде алғанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, жігіттің анасы құқыққорғаушыларға осыған ұқсас арызбен жүгінген.

"Еңбекшіқазақ аудандық полиция қызметкерлері 17 жастағы жергілікті тұрғынды ұрып-соғу фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Оның денесіне 17 жастағы танысы дене жарақатын салғаны анықталды. Олардың жанжалына бірнеше адам куә болған. Екі жасөспірімнің де ата-анасы полицияға арыз жазды.

Оған қатысты тиісті сараптама тағайындаумен бірге ӘҚБтК 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Қазіргі уақытта жәбірленуші Алматыдағы ауруханалардың бірінде жатыр",- деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім сараптама нәтижелері бойынша қабылданатынын да жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972092-zudyryqpen-basy-men-betinen-urgan-almaty-oblysynyn-turgyny-17-zastagy-qyzynyn-soqqyga-zygylganyn-aitty/

pixel