Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қажеті қанша": Отандық депутат білім беру жүйесіндегі үштілділік бағдарламасын қатаң сынға алды

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы палатаның пленарлық отырысында елдегі білім беру жүйесін сынға алды. Депутат бүгінде мектеп "бітпейтін реформалардың тәжірибе алаңына" айналғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, соңғы бес жылда "Білім туралы" заңға 29 өзгеріс пен толықтыру енгізілген. Ал білім беру стандарты 2000 жылдан 2017 жылға дейін жеті рет өзгерген.

Сонымен қатар оқу бағдарламасының мазмұны әр өзгеріс сайын жаңарып отырады, сәйкесінше жаңа оқулықтарға үлкен қаражат жұмсалады, дейді Мұрат Бақтиярұлы.

"Біздің балаларымыз бітпейтін реформалардың тәжірибе алаңына айналды. Соңғы 30 жылда Қазақстанның білім беру жүйесі 10 миллионнан астам адамды қамтыды. Біз өскелең ұрпақтың өзіне сенімсіз болып өскені үшін де жауаптымыз. Жастар тұлға ретінде, маман ретінде қалыптаса алмаса, жауапкершілік біздің мойнымызда", - дейді депутат.

Сондай-ақ Мұрат Бақтиярұлы білім беру жүйесіндегі үштілділік бағдарламасын сынға алды.

"Әрине, жастардың ағылшын тілін білуі - уақыт талабы. Бірақ ойлау, сананы дамыту жүйесі әлі толық қалыптаспаған бірінші сыныптағы, балабақшадағы қазақ бүлдіршіндеріне бірден үш тілді оқытудың қажеті қанша? Қазақстаннан басқа әлемнің ешбір мемлекетінде үш тіл бірдей оқытылмайды.

Шет тілін білу сауаттылықтың негізгі көрсеткіші емес, әлемдік ғылымды игеруге қажетті құрал ғана. Ал шынайы сауаттылық - бұл өмірді білу, таңдаған мамандықты терең меңгеру және өмірлік сұраныстарға жауап бере алатын дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру.

Сондықтан ел президенті Тоқаев шет тілін оқытуды ата-аналардың қалауы бойынша 5-сыныптан бастаған дұрыс және тиімді деген пікір білдірді", - деп еске салды сенатор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972223-qazeti-qansa-otandyq-deputat-bilim-beru-zuiesindegi-ustildilik-bagdarlamasyn-qatan-synga-aldy/

pixel