Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада "КамАЗ" жүргізушісі тәртіп сақшыларымен төбелесті

Опубликовано:

Жүргізуші мен полицейлер
Видеодан кадр: instagram.com/astana_sergek

Нұр-Сұлтанда "КамАЗ" жүргізушісі жол апаты орнынан қашып кетуге тырысқан. Жүк көлігінің соңынан қуып, артынша жүргізушімен төбелескен патрульдік полицейлер видеоға түсіп қалған. Елорданың полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.

Бастапқыда полиция мінген көлік жүк көлігінің артынан жүріп отырған, бірақ сәлден соң оны басып озғаны көрсетіледі.

Осы кезде "КамАЗ" бірден бұрылып, қызметтік көлікке соғылған. Содан кейін өзі жол жиегіне шығып кеткен. Артынша кадрлардан ер адамның екі тәртіп сақшысына келіп, оның біреуін ұрғанын көруге болады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті болған жайтқа пікір білдірді.

"Осы жылдың 30 мамырында елордада сағат 17:20 шамасында 39 жастағы "КамАЗ" жүргізушісіің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Ол оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан", - деді полициядан.

Ведомствоның мәліметінше, оның ізіне түскен кезде құқықбұзушы полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын елемей, бағынбаған.

Сонымен қатар жүргізуші патрульдік көлікке соқтығысып, ұстау кезінде физикалық қарсылық көрсеткен.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша (Билік өкіліне қарсы күш қолдану) сотқа дейінггі тергеу басталған.

"Сот қаулысымен күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - деді астананың полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972281-elordada-kamaz-zurgizusisi-tartip-saqsylarymen-tobelesti-video/

pixel