jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Үсік, дауыл, найзағай: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Дауыл
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 3 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстіктен жел соғады, солтүстікте, шығыста күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.

3 маусымда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжануда. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

3 маусымда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді деп күтіледі.

Шымкент қаласында 3 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

3 маусымда Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

3 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Үсік, дауыл, найзағай: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.