Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейлік келіншек науқастанып қалған қызын емдету үшін емшіге қомақты қаржы берген

Опубликовано:

Емші
Көрнекі сурет: pixabay.com

Семей тұрғыны науқастанып қалған қызын емшіге қаратып, қомақты ақша төлеген. Алайда өздері күткен нәтижеге қол жеткізбеді. Осыдан кейін әйел полицияға жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Биыл мамыр айының басында полиция қызметкерлеріне Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны арызданған.

Ол 2017 жылдың көктемінде белгісіз әйел қызының тері ауруын жазып беремін деген желеумен 210 000 теңгесін алғанын айтқан.

Тәртіп сақшылары жәбірленушінің емші туралы елден естіп, оның көмегіне жүгінгенін анықтады. Алайда дәстүрлі емес медицина өкілінің рәсімдері нәтиже бермепті.

Осыдан кейін полицейлер 61 жастағы күдіктіні ұстады.

Оның өз кінәсін мойындап, ақшаны толық қайтарғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972304-semeilik-kelinsek-nauqastanyp-qalgan-qyzyn-emdetu-usin-emsige-qomaqty-qarzy-bergen/

pixel