Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада қыздың қолынан 2,8 млн теңге салынған пакетін тартып алған жігіт ұсталды (видео)

Опубликовано:

қызды тонаған сәт
Видеодан кадр: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері 21 жастағы бойжеткеннің қолынан 2 800 000 теңге сомасында ақша салынған пакетін тартып алған жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, ол ақшаны есепшотқа салу үшін күндізгі уақытта Мәмбетов көшесінің бойымен банкке қарай бет алған.

Осы кезде оның артынан келе жатқан белгісіз адам кенеттен қолындағы пакетті жұлып алып, жүгіре жөнелген. Бастапқыда не істерін білмей дал болып қалған ару кейін полицияның көмегіне жүгінген.

Бойжеткеннің арызынан кейін жеке құрам тонаушыны анықтауға және ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде 26 жастағы жігітті ұстаған.

Құзырлы органның мәліметінше, мән-жайды анықтау кезінде күдіктінің бұрын бір ай бойы сауда саласындағы компанияда тағылымдамадан өткені, онда жәбірленушінің өзі де жұмыс істегені анықталған.

Одан бөлек полиция қылмыс жасалғанға дейін күдікті ақша ұрлау мақсатында қыздың жүріп-тұру бағыты мен уақытын алдын ала қадағалап отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ жауап алу кезінде күдікті ақшаның көп бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан.

Полиция қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалған жеткізді.

Сонымен қатар күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972318-elordada-kosede-ketip-bara-zatqan-qyzdyn-qolynan-28-mln-tenge-salyngan-paketin-tartyp-algan-azamat-ustaldy-video/

pixel