jitsu gif

Қазақстанда TikTok компаниясының өкілдігін ашу туралы ұсыныс айтылды

Тикток
Көрнекі фото: pexels.com

TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және "Kazakh Invest" ҰК" АҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды invest.gov.kz.

2018 жылы іске қосылған TikTok-тың халықаралық нұсқасы ай сайынғы әлемдік аудиториясы миллиард пайдаланушыдан асатын жетекші ғаламдық интернет-платформалардың бірі.

TikTok компаниясы делегациясының елімізге келу себебі - білім беру, мәдениет, туризм саласындағы жобалар және Қазақстан аумағында платформаны дамытудың басқа да мәселелерін талқылау.

TikTok өкілдерінің ақпаратнша, бүгінде Қазақстанда тіркелген 7 миллионнан астам пайдаланушы платформаны ай сайын пайдаланады. Компания әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда білім беру және мәдениетті дамытуға жәрдемдесу саласында ауқымды жобаларды іске асырады.

TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Фото: invest.gov.kz

Олег Соколов TikTok компаниясының Қазақстан аумағында ұлттық театрлар мен мұражайларды ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-танымдық контентін күшейту жөніндегі ниетін атап өтті.

Өз кезегінде Алмас Айдаров Қазақстанда компания өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және компанияның елдегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Сапар аясында, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ және "Зерде" холдингі АҚ ұйымдастыруымен TikTok компаниясының өкілдері МСМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, БҒМ және т.б. органдардың басшысымен кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.