Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүз рет естігенше, бір рет көр": Министр жолды тексеру үшін Оралдан Атырауға көлікпен шықты

Опубликовано:

Қайырбек Өскенбаев
Қайырбек Өскенбаев. Фото: ҚР ИИДМ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жол жөндеу жұмыстарымен танысу үшін Оралдан Атырауға дейін көлікпен жүріп өтпек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қайырбек Өскенбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Екі күндік жұмыс сапары барысында ол Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарындағы жөндеу жұмыстарымен таныспақ. Сондай-ақ шалғай елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарланған.

"Негізгі мақсатым – өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарын қадағалау. Алдағы екі күнде Оралдан Атырауға дейін көлікпен жүріп өтіп, жолдағы құрылыс жұмыстарының жай-күйімен егжей-тегжейлі танысуды жоспарлап отырмын. Негізінде, жұмыс орнында отырып, мәселені сырттай бақылап тапсырма беру бір басқа, "Жүз рет естігенше, бір рет көр" демекші, жұмыстар жүргізіліп жатқан жерге келіп, өз көзіңмен көру бөлек", – деді Қайырбек Өскенбаев. 

Министрлік мәліметінше, Қайырбек Өскенбаев "Орал қаласы-Казталовка ауылы", "Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы" автожолы, "Өнеге-Бисен-Сайқын" автожолы, Хан Ордасы ауылы-Құрманғазы ауылы (Ганюшкино) Атырау облысы, "Атырау-Астрахань" бағыты бойынша жүріп өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972386-zuz-ret-estigense-bir-ret-kor-ministr-zoldy-tekseru-usin-oraldan-atyrauga-kolikpen-syqty/

pixel