Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1991 жылдан бері елге оралған қандастарымыздың саны қанша

Опубликовано:

Төлқұжат
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 93,5 мың этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан (68,7 пайыз), Қытайдан (10,4 пайыз), Түрікменстаннан (8,8 пайыз), Моңғолиядан (2,6 пайыз) және басқа елдерден (9,5 пайыз) қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1 пайыз), Маңғыстау (18,8 пайыз), Түркістан (10,3 пайыз) және Жамбыл (6,2 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6 пайыз), Нұр-Сұлтан (6,9 пайыз) және Шымкент (7,9 пайыз) қалаларына қоныстанған.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8 пайызды, ал зейнеткерлер саны 14 пайызды құраған.

Ал еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде 11,4 пайызы жоғары білім, 40,3 пайызы орта кәсіби білім, 46,6 пайызы жалпы орта білім алғаны және 1,7 пайзының білімі жоқ екені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972429-1991-zyldan-beri-elge-oralgan-qandastarymyzdyn-sany-qansa/

pixel