Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да тәртіп сақшысы суға кеткен 5-6 жастағы екі баланы құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

полиция қызметкері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстан облысында полиция инспекторы суға кеткен екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бес-алты жастағы балалар ауыл шетіндегі каналдан балық ауламақ болған. Кейін қармаққа құрт іздеген біреуі суға секіріпті.

Досына ілескен тағы бір бүлдіршін жағаға кері шыға алмай қалған. Олардың суға батып бара жатқанын байқаған полиция инспекторы көмекке ұмтылған.  

Тағдыры қыл үстінде тұрған балаларды ажалдан құтқарған тәртіп сақшысына ауылдықтардың алғысы шексіз. Өйткені ауылдың шетіндегі бұл канал терең көрінеді.    

"Бір бала суға батып бара жатқанын, екіншісі жағаға шыға алмай жанталасып жүргенін байқадым. Дереу шешініп суға секірдім. Бірінші баланы бірден жағаға шығардым. Судан алып шыққан екінші баланың демі жоқ болды.

Бірақ жүрегіне массаж жасап, алғашқы көмек көрсеттім. Бұл кезде есін жиып алған суға батқан балалардың бірі велигіне мініп алып, ауылға қашып кетті", - дейді тәртіп сақшысы Ержан Қуанышев.

Ал суға кеткен балалардың бірінің атасы Қуандық Әбдіғалиев олардың суға барғанын білмегенін айтады.

"Біз оны білмейміз бұлардың суға барғанын. Өздері ойнап жүрген бес-алты бала, жолдас балалары. Өзіміз үйден бірінші көмек жасадық. Спиртпен ысқыладық, жақсы болып кетті, сосын құсты екі сағаттан кейін, жақсы терледі", - дейді баланың атасы Қуандық Әбдіғалиев.  

Материал авторы: Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972510-bqo-da-tartip-saqsysy-suga-ketken-5-6-zastagy-eki-balany-qutqaryp-qaldy-video/

pixel