Найзағай, өрт қаупі, жаңбыр: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 5 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, 5 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік бөлігінде найзағай күтіледі.
5-7 маусымда Қызылорда облысының орталығында орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
5 маусымда Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа жел ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
5 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15 м/с жетеді деп күтілуде.
Түнде 5 маусымда Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың шығысында, күндіз оңтүстік-батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
5 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжануда. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді деп күтіулде.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде 5 маусымда кей уақыттарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.
5 маусымда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
5 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болуы мүмкін.
5 маусымда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с жетеді.
5 маусымда Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
5 маусымда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі үсік 2 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972549-naizagai-ort-qaupi-zanbyr-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/