Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру басталды

Опубликовано:

дауыс беру
Көрнекі фото: Federico Gambarini/picture alliance via Getty Images

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман брифингте Қазақстанның барлық облысындағы референдум учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, 08.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 9 947 референдум учаскесінде дауыс беру басталған.

Сонымен қатар 15 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру жүруде.

Шетелдегі 48 учаске уақыт айырмашылығына байланысты өздерінің жергілікті уақытымен дауыс беруге кіріскені белгілі болды.

"Осылайша, қазіргі уақытта дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр", - деді Мұхтар Ерман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972574-qazaqstannyn-barlyq-onirindegi-referendum-ucaskelerinde-dauys-beru-bastaldy/

pixel