Қазақстандықтардың 65 пайызы дауыс беріп үлгерді
Опубликовано:

Орталық сайлау комиссиясы соңғы мәліметтерді ұсынды. 18.00-дегі жағдай бойынша ел тұрғындарының 65 пайызы дауыс беріп үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,04 % бюллетень алды", - делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша дауыс бергендер саны:
Ақмола облысы – 69,07 пайыз,
Ақтөбе облысы – 55,09 пайыз,
Алматы облысы – 68,1 пайыз,
Атырау облысы – 62,45 пайыз,
Батыс Қазақстан облысы – 65,49,
Жамбыл облысы – 68,1 пайыз,
Қарағанды облысы – 73,31 пайыз,
Қостанай облысы – 71,07 пайыз,
Қызылорда облысы – 75,02 пайыз,
Маңғыстау облысы – 59,14 пайыз,
Павлодар облысы – 72,88 пайыз,
Солтүстік Қазақстан облысы – 73,12 пайыз,
Түркістан облысы – 78,24 пайыз,
Шығыс Қазақстан облысы – 72,76 пайыз,
Нұр-Сұлтан қаласы – 53,87 пайыз,
Алматы қаласы – 29,82 пайыз,
Шымкент қаласы – 69,55 пайыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972650-qazaqstandyqtardyn-65-paiyzy-dauys-berip-ulgerdi/