Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кім болса да осылай істейтін еді": Алматыда әскерилер жанып жатқан ғимараттан ер адамды құтқарды

Опубликовано:

Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжанов
Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжанов. Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыда әскери қызметшілер ер адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, жөндеу базасының әскери қызметшілері Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжанов аулада көлік жөндеп жатқан. Кенет көрші көшеден түтін шығып жатқанын және көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген. Олар бірден оқиға орнына қарай жүгірген.

Әскери қызметшілер келіп жеткенде қалың қара түтін жеке үйдің ауласында орналасқан ғимараттан шығып жатқаны анықталған.

Абылайхан мен Талғат дереу дуалдан секіріп түсіп, жанып жатқан ғимараттан бір ер адамды алып шыққан. Әскери қызметшілер зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, медициналық және өрт сөндіру бригадаларын шақырған.

Осыдан кейін ефрейторлар өрт жапсарлас құрылыстан тұрғын үйге көшуі мүмкін деп қауіптеніп, өртті өздері сөндіре бастады. Оларға ТЖД қызметкерлері көмекке келген.

"Біздің орнымызда кім болса да осылай істейтін еді. Медициналық дайындық сабақтарында бізді өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге үйретеді. Бірақ біз алған біліміміз өмірде кәдеге жарайды деп ешқашан ойламаппыз", - дейді әскери қызметшілер.

Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжанов өрт сөндіруде және адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен "Ел қорғаны" ведомстволық медалімен марапатталды.

Ал 1963 жылы туған зардап шеккен азамат №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Ол екінші және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі күйік алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972697-kim-bolsa-da-osylai-isteitin-edi-almatyda-askeriler-zanyp-zatqan-gimarattan-er-adamdy-qutqardy/

pixel