Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қажылыққа жолдама": 15 жыл бойы мешіт айналасын тазалап жүрген әйелге айрықша сый жасалды (видео)

Опубликовано:

Әйел адам жылап жатыр
Видеодан кадр: Instagram/qonaq.hajj

Әлеуметтік желіде қажылыққа жолдама алған әйелдің видеосы тарауда. Мешітте 15 жыл бойы қызмет атқарып келген келіншек арманы орындалғанын айтып, көз жасын тыя алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аса әсерлі видео Instagram желісіндегі qonaq.hajj парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан мұсылмандарға арналған дүкенге кірген сатып алушы сатушыға қажылыққа жолдаманы сыйлаған сәтін көруге болады.

Видеороликтен әйел бұл қасиетті сапарға баруды бұрыннан армандап келгенін, алайда материалдық жағдайына байланысты Меккеге бара алмай жүргені белгілі болды. Ол өзінен кітап сатып алуға келген азаматқа оны тегін беретінін айтып, одан өзі үшін дуға жасауын ғана сұраған.

Жомарт ер адам әйелді ойламаған жерден қуантып, оның қолына қажылыққа жолдаманы ұстатады.

Айта кетерлігі, бұл игі іс "Қонақ" атты жоба аясында жасалғаны белгілі болды. Жоба ұйымдастырушылары Меккеге баруды армандап жүрген жағдайы төмен жандарға көмектесуді мақсат етуде.

"Апайымыз 15 жыл бойы мешіт ішінің және сыртының тазалығына жауап беріп келе жатыр. Екі ұлы бар. Біреуін қари қылып тәрбиелеп, оқытып, өсірді. Кейіннен оны Нұр-Мубаракка түсірді. Апайымыз материалдық мұқтаждығына қарамастан садақасын әрдайым үзбейді. Ақшамен болса да, кітаппен болса да...

Алланың қалауымен бірінші қонақ осы жылы үлкен қажылыққа аттанады", - деп жазылған видео астында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972754-qazylyqqa-zoldama-15-zyl-boiy-mesit-ainalasyn-tazalap-zurgen-aielge-airyqsa-syi-zasaldy-video/

pixel