Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркектер өлмеспіз": Нұрлан Албан әйелдердің зейнет жасын қысқартуды ұсынды

Опубликовано:

Нұрлан Албан
Видеодан кадр: Youtube/Ulysmedia

Нұрлан Албан ауқымды сұхбат беріп, қоғамда қордаланған мәселелерге ашық пікір білдірді. Әнші әйелдердің зейнет жасын қысқартуға қатысты премьер-министрге әлеуметтік желі арқылы сауал да жолдаған. Бұл туралы Нұрлан Албан Ulysmedia порталына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Албан премьер-министр Әлихан Смайыловқа әлеуметтік желіде парақша ашқан кезінде алғашқылардың бірі болып, оған елді алаңдатқан жайттар туралы сауал жолдағанын айтады.

"Премьер-министр Facebook-тен парақша ашқан кезде, оған "Халықпен бірге болыңызшы" деген тілегімді жаздым. Содан кейін Әлихан мырзаға "биыл балалар жылы ғой, оларға естен кетпестей мемлекет тарапынан бір жақсылық жасаңыздаршы" деп сауал тастадым.

Бала қазір есінде сақтаған жақсылықты өле-өлгенше ұмытпайды. Өйткені менің де балалығым миымда сайрап тұр", - дейді әнші сұхбатта.

Сондай-ақ ол әйелдердің зейнет жасын қысқарту бойынша үкіметке ұсынысын жеткізді.

"Тағы бір өтінішім, біз еркектер өлмеспіз, әйелдердің, аналарымыздың зейнетке ертерек шығуына қам-қарекет жасаңыздаршы. Өйткені олар ана ғой! Батырды да, мықтыны да, сардар, саясаткерді де, елге жаны ашитын жанашырды да өмірге алып келетін - аналарымыз.

Аналарымыз белі бүкірейгенше қиналып жүріп, зейнетке шықпасыншы. Бұрынғы жасын қалдырайықшы. 58 жас па? 58-ге толмай, кетіп жатқан қаншама аналарымыз бар. Оның бәрін айтудай-ақ, айтасың", - деген қынжылысын жеткізді Нұрлан Албан.

Осы ретте әнші ешқандай саяси лауазымға ұмтылмайтынын, партия құруға құлқы жоқ екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972810-erkekter-olmespiz-nurlan-alban-aielderdin-zeinet-zasyn-qysqartudy-usyndy/

pixel