Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

QazaqGaz компаниясында миллиардтаған заң бұзушылық анықталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

QazaqGaz төрағасы Санжар Жаркешов мәжіліс сағатында бұған дейін ұлттық компанияда болған заңсыз әрекеттер туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Санжар Жаркешов қаңтар оқиғасынан кейін QazaqGaz басшылығы ауысқанын және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша компания қызметіне толық тексеру ұйымдастырылғанын еске салды.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және толық тексеруді ұйымдастыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 937 млрд теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде құқық қорғау органдары 123 млрд теңгеге бұзушылықтарды анықтады.

Қазақта "ауруын жасырған өледі" деген мақал бар. Біз бәрін ашық айтуға дайынбыз. Көптеген проблемалар бар, оларды шешуге тырысамыз", – деді Жаркешов.

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 қаңтарда "QazaqGaz" басшы болған Қайрат Шәріпбаевтың қызметінен кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972829-qazaqgaz-kompaniyasynda-milliardtagan-zan-buzusylyq-anyqtaldy/

pixel