Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі әскерилердің бейбіт уақытта қаза табуына жол беруге болмайтынын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше, 6 маусымда Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов кеңес өткізіп, жазғы оқу кезеңінің басталуына қатысты міндеттерді нақтылады. Сондай-ақ ол жиында әскери қызметшілердің жарақаттануы мен қаза болуы мәселелеріне тоқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Руслан Жақсылықов жауынгерлік даярлықты қайта жаңғырту аясында сабақтарды сапалы ұйымдастыруға, жеке құрамның оқу бағдарламаларын толыққанды іске асыруына, оқыту процесіне барлық әскери қызметшілерді қатыстыруға назар аударған.

Осы ретте әскери қызмет қауіпсіздігі жеке мәселе ретінде көтерілген. Жақсылықов әскери қызметшілердің жарақаттануы мен қаза болуы мәселелеріне тоқталды. Ол бейбіт уақытта мұндай фактілерге жол берілмейтінін және барлық лауазымды тұлғалар мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауы керек екенін атап өтті.  

Ведомствоның ақпаратынша, әскери қызмет - қауіп төндіретін көптеген фактормен байланысты. Сонымен қатар армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бірқатар жағымсыз құбылыс азаматтық өмірден Қарулы күштердің қатарына ауысып жатады.

"Осыған байланысты жеке құрамның қаза болуы мен жарақаттану себептеріне жан-жақты талдау жүргізетін "әскерде нөлдік өлім-жітім" бойынша шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобын құру тапсырылды", - делінген хабарламада.

Бағдарламаны әзірлеуге Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары, ардагерлер ұйымдары, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдері, психологтар тартылмақ.

"Осы бағдарламаны іске асырудың негізгі нысаналы индикаторы Қарулы күштерде қаза табу фактілерін толық жою болуға тиіс", - дейді ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972898-qorganys-ministri-askerilerdin-beibit-uaqytta-qaza-tabuyna-zol-beruge-bolmaitynyn-aitty/

pixel