Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында шенеуніктер адам саудалады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деген күдікке ілінген.

Күдіктілердің бірі сот санкциясымен үй қамауына алынды.

Осы ретте агенттік күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, тергеу нәтижелері бойынша шығарылатынын атап өтті.

Сондай-ақ ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972928-qostanai-oblysynda-seneunikter-adam-saudalady-degen-kudikke-ilindi/

pixel