Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде үйінен жұмысқа кеткен ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде 55 жастағы ер адам 29 мамыр күні үйінен жұмысқа шығып кетіп, сол күйі байланысқа шықпаған. Кейінірек жоғалған азамат өлі күйде табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еріктілердің Instagram желісінде жариялаған ақпаратына сүйенсек, 1967 жылы туған Бейбіт Сарғызов 29 мамыр күні Семейдегі үйінен жұмысқа шығып, сол күйі жоғалып кеткен.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 2 маусымда "102" нөміріне ер адамның әпкесі хабарласқан. Ол бауырын іздеуге көмектесуді өтінген.

"Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында із-түзсіз жоғалған адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Осы ретте полицейлер тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972951-semeide-uiinen-zumysqa-ketken-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel