Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғжанов бейбіт күнде әскерде сарбаздардың қаза болу жағдайына байланысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Сарбаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Вице-премьер Ералы Тоғжанов үкімет отырысында бейбіт күнде әскерде сарбаздардың қаза болу жағдайына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Ералы Тоғжановтан неліктен бейбіт уақытта армияда жас жігіттер қайтыс болып жатқанын сұрады.

Сондай-ақ үкімет басшысының орынбасарына Қазақстан армиясына реформа жасайтын кез келмеді ме, келісімшарт бойынша әскери қызметке тартуды қалдырып, мерзімді әскери қызметтен бас тарту қажет емес пе деген сұрақ та қойылды.

Тоғжановтың сөзінше, мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес.

"Жастар отан алдындағы борышын өтеуге тиіс. Мүдделі мемлекеттік органдар соның ішінде бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі осы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті", - дейді ол.

Сонымен қатар вице-премьер өзі отан алындағы борышын Отардағы 25717 әскери бөлімінде өтегенін атап өтті.

"Әр түрлі жағдай болды, сарбаздардың өлімі де болды. Ол кезде жалпыға бірдей міндеттеме болған, бүгінде ондай міндеттеме жоқ. Жыл сайын шамамен 35 мың адамды әскери қызметке жібереміз. Менің кішкентай балаларым, қыздарым бар, олар әскерде болған жоқ", - дейді үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне назар аударып, мұндай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972984-togzanov-beibit-kunde-askerde-sarbazdardyn-qaza-boluyna-bailanysty-pikir-bildirdi/