Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда қаза болған Әсел Айтбаеваның ісі бойынша күдікті алқабилер сотынан бас тартты

Опубликовано:

Әсел Айтбаева
Әсел Айтбаева. Фото: instagram.com/assel_ayt

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі бойынша қамауға алынған жалғыз күдікті алқабилер сотынан бас тартты. Күдікті Мұрат Мейірбеков қорғаушысымен бірге сот отырысының қарапайым форматын таңдаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

7 маусымда елордада Әсел Айтбаеваның ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті.

Сотта күдікті Мұрат Мейірбековтің алқабилер сотынан бас тартқаны белгілі болды. Оның адвокаты Шыназбек Махановтың айтуынша, алқабилерсіз адаманың кінәсіз екенінді дәлелдеу оңай.

"Менің клиентімнің сұрауы бойынша таңдалды. Оны мәжбүрлеуге қақым жоқ", - дейді адвокат Шыназбек Маханов.

Айта кетейік, сот отырысы БАҚ өкілдерінсіз өтеді. Оған қоса алдын ала сот тыңдалымына журналистермен бірге марқұмның әкесі де қатыстырылмады. Өйткені іске куәгер ретінде шақырылған адам заң бойынша сотқа қатыса алмайды.

Дегенмен Әсел Айтбаеваның ата-анасы мен олардың қорғаушысы процестің ашық өткізілуін талап еткен.

"Әкесі ретінде сот залына кіргізуі керек еді. Ол менің қызымның абыройы емес пе? Не айтылып жатқанын біліп отырғаным дұрыс деп ойлаймын", - дейді марқұм Әсел Айтбаеваның әкесі Алтай Айтбаев.

Адвокат Саида Сүлейменованың айтуынша, Әсел Айтбаеваның әкесі сот отырысына тек куәгер ретінде тыңдалғаннан кейін қатыстырылады.

"Заң солай. Жабық сот отырысы. Өйткені бұл жерде жыныстық қол сұғылмаушылық туралы талқыланып жатыр", - дейді ол.

Ал марқұмның өлімі бойынша күдікке ілінген Мұрат Мейірбековтің мүддесін оның адвокаты мен қоғамдық қорғаушы ретінде ағасы қорғамақ.

Мұрат Мейірбековке адам саудасы және зорлау дерегі бойынша айып тағылған. Ол бір жылдан бері қамауда отыр.

Телеарнаның мәліметінше, Әселдің Грузиядағы көлік сататын салонда жұмыс істеуіне сол түрткі болған. Бір апта өткен соң қыздың денесі Тбилисидегі көпқабатты үйдің терезесінің астынан табылды.

Кейін Грузия полициясы Әсел Айтбаеваны зорлады, өзін-өзі өлтіруге мәжбүрледі деген күдікпен 56 жастағы Бесик Тордуаны ұстады. Бесик ұсталғаннан кейін бірнеше айдан соң түрмеде инфарктан қайтыс болды.

Енді қайғыдан қан жұтқан Әселдің әкесі мен шешесі сот отырысына онлайн болса да Тбилисидегі тергеушілер қатысса дейді.

Дереккөз КТК арнасы:

Еске салсақ, Әсел Айтбаева 2021 жылғы мамырда Грузия астанасында белгісіз жағдайда көз жұмды. Ол 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Алайда оның ата-анасы бұған сенбей құзырлы органдарға арыз түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973065-gruziyada-qaza-bolgan-asel-aitbaevanyn-isimen-qamalgan-kudikti-alqabiler-sotynan-bas-tartty/

pixel