"iOS операциялық жүйесіне қазақ тілі қосылды": Бағдат Мусин Apple компаниясының бас директорына үндеу жасады
Опубликовано:

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Twitter-дегі парақшасында Apple компаниясының бас директорына өтініш білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мусин барша қазақстандықтардың атынан Тим Кук пен Apple командасына қазақ тілін iOS-тың тілдік жүйесіне қосқаны үшін, сондай-ақ қазақ тіліндегі автотүзету функциясы үшін алғысын білдірді.
"Сондай-ақ Apple компаниясы еліміздің латын әліпбиіне үйренісуіне көмектесу мақсатында кириллицадан латынға автоматты транслитерацияны қосса, риза болар едік", - деп жазды министр.
Айта кетейік, тіл жүйесін қазақ тіліне өзгерту бойынша жаңарту әзірге барлық Apple пайдаланушылары үшін қол жетімді емес. Алайда iOS 16-ны шығару осы жылға жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973099-ios-operaciyalyq-zuiesine-qazaq-tili-qosyldy-bagdat-musin-apple-kompaniyasynyn-bas-direktoryna-undeu-zasady/