Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы жойылып жатыр": Жамбыл облысында әскери бөлімде қалып қойған оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта жалғасты

Опубликовано:

Жару жұмыстары
Жару жұмыстары. Видеодан кадр: Хабар24

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28/349 әскери бөлімінде қалып қойған оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта жалғасты. Жарылыс күзге дейін созылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Мамандар әскери қоймадан шығарылған жарылғыш заттардың қалдықтарын әскери бөлімшеден шамамен 12 шақырымдай жерде яғни арнайы белгіленген орында жарып жатыр.

Жару жұмыстары негізі екі ай бұрын басталған. Жергілікті шаруалар мал төлдейтін уақытта жұмыстарды тоқтата тұруды өтінген соң кейінге қалған. Енді қайта қолға алынып отыр.

Әскерилер жару жұмыстарының адамға, қоршаған ортаға, немесе жан-жануарларға зияны жоқ екенін айтады.

"Жарып болған соң 15 минут күтеміз алаңда. Одан кейін біздің топ командир, басшыларымыз бар, олар барып көріп келеді. Рация арқылы бізге баяндама жасайды. Біз одан кейін барамыз. Жарылмағандарды сол жерге барып жатқан жерінде жарамыз. Ондай жағдай біздің практикамызда болған жоқ. Барлығы жойылып жатыр", - дейді 28349 әскери бөлімінің маман сапері Берік Үркімбаев.

Жару жұмыстары күніне екі мезгіл дүйсенбі мен жұма күндері аралығында жүргізіледі және бұл жұмыстар 25 қарашаға дейін жалғаспақ.

Себебі, әскери қойма аумағы әлі де жарылғыштардан толық тазартылып бітпеген.

"Техникалық территорияда тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Әр ғимарат, қоймалардан табылғанын осында алып келіп, жарып жатырмыз. Аздан жарып жатырмыз. Өйткені жақын арадағы елдімекендердің қауіпсіздігі үшін", - дейді 28349 әскери бөлімінің командирі Еркін Әбсадықов.

Еске салсақ, былтыр Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып 17 адам қаза тапқан еді. Бір әскери адам әлі күнге дейін табылмай отыр. Жоғалған кіші сержант Бауыржан Дауытбаевты іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ.

"Топырақ үйінділерін елеу арқылы, електен өткізу арқылы іздеп жатырмыз. Бүгінгі таңда іздеу жұмыстары нәтиже беріп жатқан жоқ. Негізі басқа қаза тапқан адамдардың кішкентай заттарына дейін тауып жатырмыз. Біреудің кілті шығады. Біреудің құжаты шығады. Біреудің очкиі шығады. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Тапқанша іздейміз", - дейді 28349 әскери бөлімінің командирі Еркін Әбсадықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973132-barlygy-zoiylyp-zatyr-zambyl-oblysynda-askeri-bolimde-qalyp-qoigan-oq-darilerdi-zoyu-zumystary-qaita-zalgasty/

pixel