Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскердегі әлімжеттік туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Жауынгер
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжіліс кулуарында Қазақстанның заманауи армиясында әлімжеттік жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әрбір командир өз қарамағындағылар үшін жауап береді. Мен өз іс-әрекетім мен қарамағымдағылар үшін жауап беремін. Әлімжеттік жоқ. Әскерге бір мезгілде шақыртылғандар арасында жанжал туындап жататын жағдайлар болады.

Соңғы жағдай (Жамбыл облысында сарбаздың қайтыс болуы - ред.) - бұл әскерге бірге шақыртылған сарбаздар. Сіз мектепте өзіңіздің сыныптасыңызбен жанжалдасқан боларсыз? Жанжалдастыңыз. Бұл әлімжеттік пе? Жоқ. Сіз өзіңіздің досыңызбен немесе танысыңызбен жанжалдасуыңыз мүмкін. Бұл да әлімжеттік мәселесі ме әлде жоқ па? Әлімжеттік дегенді қалай түсінесіз?

Қазір жауынгер әскерде бір жыл ғана болады. 17-18 жастағы балалар арасында қандай әлімжеттік болуы мүмкін? Бұл тек ер адамдар ортасы. Сондықтан жастардың тәрбиесіне мән беру керек", - деді министр.

Жақсылықовтың сөзінше, әрбір тіркелген өлім - үлкен трагедия.

"Мұның отбасы үшін трагедия екенін түсінемін. Бұл тек отбасы үшін емес, армия үшін де қайғылы жағдай. Кез келген адамды жоғалту - өте ауыр. Мен ең алдымен ата-аналарды өте жақсы түсінемін.

Егер сіз шекара қызметінде болған соңғы жағдайды айтып отырсаңыз, онда сауалды шекара қызметі басшылығына қойыңыз...

Армия кінәлі деп жатыр. Жігіттердің әскерде болғаына небәрі 7 күн болған. Армиядағы 7 күн ішінде біз нені үйретіп үлгереміз? Олар сапта тұрды. Кеше әскерге бірге шақыртылған жігіттер арасында жанжал шықты. Бұл мәселеге тереңірек үңілейік", - деді Қорғаныс министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973221-qorganys-ministri-ruslan-zaqsylyqov-askerdegi-alimzettik-turaly-soz-qozgady/

pixel