Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда TikTok түсірмек болып Каспийге батып кеткен жігіттің соңғы видеосы пайда болды (видео)

Опубликовано:

Құтқарушылар
Фото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Әлеуметтік желіде Каспийге секіріп көз жұмған жас жігіттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, 7 маусым күні 16.20 шамасында Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Каспий теңізінің жағалауында бір адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.

Ведомство жастар жағалауда TikTok әлеуметтік желісіне видео түсіргенін мәлімдеді.

Белгілі болғандай, үш жігіт пирстен теңізге секірген. Екеуі жағаға жүзіп шыққан, ал үшіншісі Каспий теңізіне батып кеткен.

Бүгін, 8 маусымда таңертең сүңгуірлер марқұмның денесін тапқанын хабарлады.

Айта кетейік, 2004 жылы туған жас жігіт Ақтау қаласындағы колледждердің бірінің 1-курс студенті еді. Ол Бейнеу ауданының тумасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973231-aqtauda-tiktok-tusirmek-bolyp-kaspiige-batyp-ketken-zigittin-songy-videosy-paida-boldy-video/

pixel