Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы көшелерінде көлік құралдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады

Опубликовано:

Жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Алматы көшелерінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша көлік қозғалысы жүрісі тоқтатылады. Қала әкімдігі тұрғындарға ескерту жасап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9-12 маусым күндері сағат 08:00 мен 19:00 аралығында Саин көшесінің Райымбек даңғылынан Марғұлан көшесіне дейінгі бөлігінде батыс бағытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сонымен қатар, жаңа асфальт жабынын төсеу үшін 10 маусым күні сағат 22:00-ден 11 маусым сағат 06:00-ге дейін Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрық толығымен жабылады.

"Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", -делінген әкімдік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973243-almaty-koselerinde-uaqytsa-kolik-zurisi-toqtatylady/

pixel