Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мас күйде көлік басқарған депутаттың өкілеттігі тоқтатылды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали көлікті мас күйде айдап, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған соң мандатын өткізді, деп хабарлайды "Диапазон".

Басылымның мәліметінше, мамыр айының соңында депутаттың Mercedes көлігін полиция қызметкерлері тоқтатқан.

Медициналық тексеру кезінде халық халаулысының рөлге мас күйде отырғаны анықталған. Содан кейін іс сотқа жіберілген.

Дегенмен депутат көлікті мас күйде айдағанын мойындамай, сараптама нәтижесімен келіспейтінін айтқан. Сөзінше, оған тексеруден қайтадан өтуге құқылы екенін ешкім түсіндірмеген.

Алайда сот депутатты әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған. Атап айтқанда оның көлікті мас күйде басқарғаны дәлелденген.

Нәтижесінде Ербол Қасымғалиді жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Анықталғандай, болған жайттан кейін Қасымғали депутаттық мандатын тапсырған.

"Ербол Қасымғалидің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды", - деп хабарлады аумақтық сайлау комиссиясы журналистерге.

Ал Ақтөбе қалалық мәслихатының сайтында Қасымғалидің 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап депутат екені көрсетілген. Одан бөлек, ол 2019 жылдан бері "Oil Geo Construction" ЖШС компаниясының бас директоры қызметін атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973266-aqtobede-mas-kuide-kolik-basqargan-deputattyn-okilettigi-toqtatyldy/

pixel