Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сахнаға шығармау керек": Дәулет Тұрлыханов сахнада ерсі қылық танытқан әртістердің әрекетіне күйінді

Опубликовано:

Дәулет Тұрлыханов
Видеодан кадр: Youtube/Talklike

Қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыханов сахнада бейәдеп сөздер айтып, ерсі қылық танытқан "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал рэп орындаушысының әрекетіне қатысты пікір білдірді. Спортшы бұл мәселе бойынша аталған әртістермен қатар осы салаға жауапты атқамінерлерді де жазалау керек деген ойда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дәулет Тұрлыханов бұл туралы тележүргізуші Аман Тасығанның Talk like бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

"Жастар, жасөспірімдер мәселесі - үлкен мәселе. Сондықтан да бүгінгі таңда облыстық әкімдіктер, үкімет, министрліктермен бірігіп осы бағытта үлкен саяси жұмыс жүргізуіміз керек. Жастармен ешкім айналысып жатқан жоқ. Әрине, экономика экономикасымен, бірақ әлеуметтік саланы ұмытпауымыз керек", - деген пікірде ол.

Спортшы жастар мәселесіне қатысты қаңтар оқиғасын мысалға келтіріп өтті.

"Қаңтар оқиғасын алайық. Қанша жастарымыз көшеде жүрді. Не үшін шығып жатқандарын олар өздері де білмейді, шынын айтсақ. Біздің жастарға идеологиялық жұмыс керек, олармен бүгінгі таңда кім айналысып жатыр? Ешкім", - дейді ол.

Сондай-ақ сұхбатта Тұрлыханов "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza есімді орындаушының сахнадағы ерсі қылығы бейнеленген видеоға пікір білдіріп, олардың әрекетіне өз бағасын берді.

"Бұл видеоны мен көрдім. Бұл жерде анау кінәлі, мынау кінәлі деп айтуға болмайды. Бірақ бұған тереңінен қарау керек. Мемлекет, үкімет тарапынан қарауымыз керек.

Екі топты да сахнаға жібермеу керек. Өсіп келе жатқан жастарға сабақ болуға тиіс. Оларды аластау керек, сахнаға шығармау керек.

Бұл жерде Алматы қаласының мәдениет басқармасын жұмыстан бірден кетіру керек. Қырықбаев (Арман Қырықбаев - ред.) бауырымыз, Алматы әкімінің орынбасары, үлкен тәжірибелі азамат. Ол қайда қарап жүр? Басқалары біліп жүретіндей жазалау керек", - дейді қоғам қайраткері.

Дәулет Тұрлыхановтың сөзінше, қазіргі жастар идеологиялық жұмыс жүргізілмегендіктен жиі шалыс басуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973282-saxnaga-sygarmau-kerek-daulet-turlyxanov-saxnada-ersi-qylyq-tanytqan-artisterdin-areketine-kuiindi/

pixel